Қазақша
Сейсенбі, 12 Қараша 2019 ж. 06:5804

Бос жұмыс орындары

Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің офис-менеджері

Негізгі міндеттері:

· құрылымдық бөлімшелерден ұйымның мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға өтінімдерді қабылдау;

· ұйымның мұқтажы үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

· материалдар мен ақша қаражатын пайдалану туралы есептілікті жасау;

· ұйымның Сатып алудың жылдық жоспарын жасауға қатысу;

· ұйымның мәдени, мерекелік және корпоративтік іс-шараларын жүргізуді ұйымдастыру;

· конференцияларды, кездесулерді, семинарларды, оқытуларды жүргізуді ұйымдастыру;

· ісспарға жіберілетін ұйымның қызметкерлері үшін визаларды ресімдеу, көліктік билеттерді брондау және сатып алу;

· ұйымның көлік жүргізушілерінің жұмысын үйлестіру және бақылау;

· негізгі құралдарды есепке алу және жүргізу;

· өртке қарсы нұсқаулықты жүргізу;

· коммуналдық қызметті және ғимаратқа қызмет көрсету бойынша қызметті (күзет, жинап-тазалау және басқа) ұсынуды бақылау;

· кодтық сөздерді жасау және жүргізу.

Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • жоғары немесе орта арнайы білім;
  • сенімді пайдаланушы деңгейінде компьютерді білу – MS Word (OpenOffice Writer), MS Excel (OpenOffice Calc), Outlook;
  • қойма есебін, құжат айналымын жүргізу және іс жүргізу бойынша талаптарды білу;
  • қазақ және (немесе) орыс тілдерін еркін білу;
  • кемінде бір жыл іс қағаздарын жүргізудегі жұмыс тәжірибесі.

Жұмыс жағдайы:

  • бәсекеге қабілетті жалақы;
  • бес күндік жұмыс аптасы;
  • тұрақты жұмыс кестесі;
  • еңбек демалысы 28 күнтізбелік күн;
  • медициналық сақтандыру;
  • ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу