МУХАМЕДЖАНОВ АДИЛЬ НУРЛАНОВИЧ
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасының төрағасы
МУХАМЕДЖАНОВ АДИЛЬ НУРЛАНОВИЧ 1981 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі
- 2002 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясын (Алматы қ.) "Халықаралық экономика" мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі — халықаралық экономист.
- 2019 жылы Назарбаев Университетінің (Астана қ.) Жоғары бизнес мектебін бітірді, мамандығы — басшылар үшін іскерлік әкімшілендіру (EMBA).
Жұмыс тәжірибесі
- 2002—2019 — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Алматы қ.):
- 2002—2004 — Есеп және кредиттеу басқармасының бас экономисі, Монетарлық операциялар департаменті;
- 2004—2009 — Талдау және тәуекелдер басқармасының бас талдаушысы, Монетарлық операциялар департаменті;
- 2009—2015 — Ақша-кредиттік операциялар басқармасының бастығы, Монетарлық операциялар департаменті;
- 2015—2019 — Монетарлық операциялар департаменті Директорының орынбасары;
- 2019—2020 — Басқарушы Директор, Инвестициялық консалтинг департаментінің Директоры, "FHS" АҚ.
- 2020—2021 — "Қазақстан қор биржасы" АҚ:
- 02.2020—05.2020 — Басқарма Төрағасының кеңесшісі;
- 06.2020—02.2021 — Басқарма Төрағасының орынбасары.
- 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасы.
ГРИШКО МИХАИЛ ВАЛЕРЬЕВИЧ
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары
ГРИШКО МИХАИЛ ВАЛЕРЬЕВИЧ 1987 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі
- 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы — "Ақпараттық жүйелер", біліктілігі — ақпараттық жүйелер бакалавры.
- 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы — "Ақпараттық жүйелер", біліктілігі — ақпараттық жүйелер магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
- 2008—2015 — "Қазақстан қор биржасы" АҚ:
- 2008—2011 — бағдарламалық қамсыздандыру департаменті перспективалық зерттеулер бөлімінің маманы;
- 2011—2012 — ақпараттық технологиялар департаменті сауда жүйелерін дамыту бөлімінің бас маманы;
- 2012—2014 — ақпараттық технологиялар департаменті сауда жүйелерін дамыту бөлімінің бастығы;
- 2014—2015 — ақпараттық технологиялар департаменті жобалау бөлімінің бас маманы;
- 2015—2016 — "eTrade.kz" ЖШС, бас маман.
- 2015—2017 — ақпараттық технологиялар департаменті жобалау бөлімінің бастығы, "Қазақстан қор биржасы" АҚ.
- 2017—2018 — Басқарма төрағасының орынбасары, "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ.
- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.
МЕДЕУ ЕДИЛ АХМЕТҚАЛҰЛЫ
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары
МЕДЕУ ЕДИЛ АХМЕТҚАЛҰЛЫ 1988 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі
- 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы — "Менеджмент".
- 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, біліктілігі — "Қаржы" іскерлік әкімшілендіру магистрі.
- 2017 жылы Ұлттық Жоғары мемлекеттік басқару мектебін бітірген, Токио қаласы, Жапония, біліктілігі — экономика магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
- 2009—2011 — Қашықтықтан қадағалау басқармасының сарапшысы/бас сарапшысы, Бағалы қағаздар нарығы субъектілерін және жинақтау зейнетақы қорларын реттеу департаменті, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі;
- 2011— 2019 — ҚР Ұлттық Банкі:
- 2011—2014 — Қашықтықтан қадағалау басқармасы бастығының орынбасары/бастығы, Бағалы қағаздар нарығы департаменті;
- 2014—2019 — Бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы, Бағалы қағаздар нарығы департаменті;
- 2019 — Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры;
- 2020––2021 — Бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры, ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі.
- 2021 жылғы 1 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.
ШАТАНОВ АЛАН АЛТАЕВИЧ
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары
ШАТАНОВ АЛАН АЛТАЕВИЧ 1972 жылы Жамбыл қаласында туған.
Білімі
- 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (Алматы қаласы) "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі — экономист.
- 1998 жылы "Әділет" Жоғарғы заң мектебін (Алматы қаласы) "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі — заңгер.
- 2004 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (Алматы қаласы) "Қаржы және бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша бітірді, біліктілігі — іскерлік әкімшілендіру магистрі.
- 2009 жылы Бостон университетін (Бостон қаласы, Массачусетс штаты, АҚШ) "Қаржы экономикасы" мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі — ғылым магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
- 1993—1994 — Қаржы-кредит мекемелерін, салық және сақтандыру органдарына ревизия жасау бөлімінің аға бақылаушы-ревизоры, Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті (Жамбыл қаласы).
- 1994—1996 — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Жамбыл қаласы):
- 1994 — несие-экономика бөлімінің экономисі;
- 1994—1996 — банктік қадағалау бөлімінің бас экономисі.
- 1996—1998 — "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" ЖАҚ (Тараз қаласы):
- 1996 — экономикалық талдау және кредиттеу басқармасының бастығы;
- 1997—1998 — облыстық филиал директорының орынбасары.
- 1998—2000 — бэк-офис басқарушысы, "Банк ЦентрКредит" ААҚ (Тараз қаласы).
- 2000—2010 — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (Алматы қаласы):
- 2000—2001 — бухгалтерлік есеп департаменті методология басқармасының бас экономисі;
- 2001—2003 — қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департамент директорының орынбасары;
- 2003—2004 — үйлестіру басқармасының бастығы (Астана қаласы);
- 2004—2007 — бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасының бастығы;
- 2007—2009 — ішкі аудит департаментінің директоры;
- 2009—2010 — Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі.
- 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары.