27.12.18
16:55

/ҚАЙТАЛАУ/ Орталық депозитарий "Бірыңғай тіркеуші" жеке кабинетін пайдаланумен қызмет көрсетуді тоқтатады

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Бірыңғай тіркеуші" жеке кабинетін пайдаланумен құжаттар алмасуды тоқтататыны туралы хабарлайды.

Бұрын "Бірыңғай тіркеуші" жеке кабинеті арқылы жүргізілген Орталық депозитариймен құжаттар алмасуды төмендегідей мекенжайлар бойынша Орталық депозитарийдің офистерінде жүргізуге болады:

Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28

Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8.

Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап "Эмитент" жеке кабинетін іске қосуды жоспарлап отыр. Оны пайдаланумен қаржы құралдарының эмитенттері ақпараттық қызметтерді (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері, есептер, үзінді көшірмелер мен басқалар) ала алады. Сонымен қатар "Эмитент" жеке кабинетінде Орталық депозитарий төлем агенті қызметін көрсетеді.