27.12.18
16:57

/ҚАЙТАЛАУ/ Орталық депозитарий Бірыңғай тіркеушінің деректемелері бойынша кіріс төлемдерін қабылдаудың тоқтайтыны туралы хабарлайды

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Бірыңғай тіркеуші) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ға (Орталық депозитарий) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты өзінің қызметін тоқтатады.

Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай тіркеушінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мұрагері болады.

Соған байланысты төмендегілерді назарларыңызға саламыз:

2018 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Бірыңғай тіркеушіде POS-терминалды пайдаланумен төлем қабылдау тоқтатылады;

2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Бірыңғай тіркеушінің деректемелері бойынша барлық кіріс төлемдерін қабылдау тоқтатылады;

2019 жылғы 3 қаңтардан бастап қызметтер үшін барлық кіріс төлемдер Орталық депозитарийге төмендегі банктік деректемелер бойынша жіберілуі тиіс:

Алушы: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ
БСН: 970740000154
Банк: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі" КОО
ЖСК: KZ72125KZT1004300114
БСК: NBRKKZKX
Кбе: 15
ТМК: 841

көрсетілген қызмет актілері мен 2018 жылғы желтоқсандағы төлем шотын электронды түрде алу үшін өзіңіздің электронды мекенжайыңызды жіберу қажет.

Толық ақпарат алу үшін +7 (727) 272 47 60 телефоны бойынша Орталық депозитарийдің Call-орталығына, сондай-ақ Орталық депозитарийдің www.kacd.kz. сайтына хабарласуға болады.