27.12.18
16:57

/ҚАЙТАЛАУ/ Орталық депозитарий оған Бірыңғай тіркеушінің қосылуы түрінде өзінің қайта ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) оған "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-ның (Бірыңғай тіркеуші) қосылуы түрінде өзінің қайта ұйымдастырылатыны туралы хабарлайды. Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай тіркеушінің барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мұрагері болады. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолданыстағы оның Қағидалар жинағына сәйкес бұрын Бірыңғай тіркеушімен қосылу шарты түрінде жасалған барлық шарттар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағында белгіленген талапта қолданылуын жалғастырады және қайта жасауды талап етпейді.