28.12.18
16:22

Орталық депозитарий өзінің клиенттерімен құжаттар алмасу әдістері туралы хабарлайды

Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-ның (Бірыңғай тіркеуші) Орталық депозитарийге Бірыңғай тіркеушінің қосылу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркеу қызметін жүзеге асыруды тоқтатанынын хабарлайды.

Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай тіркеушінің порталындағы жеке кабинет сервисін пайдалану арқылы құжаттар алмасуды тоқтатанынын хабарлайды.

Орталық депозитариймен тіркеу қызметі бойынша құжаттар алмасуды келесідей әдістермен жүргізуге болады:

1. Төмендегідей мекенжайлар бойынша Орталық депозитарийдің офистерінде:

1. 050040, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8.

2. 050004, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев д-лы, 65, 100-офис, Мақатаев к-нің қиыл.

3. 010000, Астана қ., Амангелді Иманов к-сі, 13, "Нұр-Сәулет 2" бизнес-орталығы, 101-офис.

2. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Қазпочта" АҚ қызметін пайдалану арқылы Орталық депозитарийге трансфер-агент қызметі көрсетілетін болады.

3. Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz порталындағы "Doc.KACD" (Doc.KACD) жеке кабинеті арқылы Doc.KACD-ға қосылу шарты туралы ақпарат Орталық депозитарийдің интернет-сайтында (/ru/news/item/22100/) орналастырылған.

Орталық депозитариймен тіркеу қызметі бойынша құжаттар алмасуды Doc.KACD арқылы және 050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28 мекенжайы бойынша Орталық депозитарийдің офисінде жүргізуге болады.

2019 жылғы 1 ақпаннан бастап Орталық депозитарий "Эмитент" жеке кабинетін іске қосуды жоспарлап отыр. Оны пайдаланумен қаржы құралдарының эмитенттері ақпараттық қызметтер (бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі, есептер, үзінді көшірмелер мен басқалар) ала алады. Сонымен қатар "Эмитент" жеке кабинетінде Орталық депозитарий төлем агенті қызметін көрсетеді.