29.12.18
09:35

2018 жылғы 28 желтоқсанда өткізілген Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2018 жылғы 28 желтоқсанда оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының (бұдан әрі – жиналыс) өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:

"Орталық депозитарий Басқармасының құрамы туралы" жиналыстың күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша

1. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарий Басқармасының сандық құрамы төрт адам мөлшерінде белгіленсін.

2. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарийдің Вице-президенті Басибекова Аида Сериковнаның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

3. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарийдің Вице-президенттері болып өкілеттік мерзімі Орталық депозитарий Басқармасының қалған мүшелерінің өкілеттік мерзімінен бір мезгілде аяқталатын, яғни 2023 жылғы 1 шілдеге дейін Гришко Михаил Валерьевич және Хаджиева Мария Жамаловна тағайындалсын.

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің төрағасын біржолғы сыйақыландыру туралы" жиналыстың күн тәртібінің 2-ші мәселесі бойынша

"Директорлар кеңесінің мүшесін — Орталық депозитарийдің тәуелсіз директорын біржолғы сыйақыландыру туралы" мәселені қарау Орталық депозитарий акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына ауыстырылсын.