29.12.18
09:42

2018 жылғы 28 желтоқсанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2018 жылғы 28 желтоқсанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:

"Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Ішкі бақылау қағидасына № 7 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша:

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Ішкі бақылау қағидасына № 7 өзгерістер мен толықтырулар 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған өзгерістер мен толықтыруларды қолданысқа енгізумен бекітілсін.

"2018 жылғы 29 қарашадағы жағдай бойынша қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету рәсіміне тестілеу жүргізу нәтижелері туралы" мәселе бойынша:

2018 жылғы 29 қарашадағы жағдай бойынша Орталық депозитарий қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге жүргізілген тестілеу нәтижелері бойынша есеп назарға алынсын.