29.12.18
16:54

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметтерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бұйрықтарға қоса тіркеуге жататын Құжаттар тізбесі бекітілді

Отырысы 2018 жылғы 29 желтоқсанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметтерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бұйрықтарға қоса тіркеуге жататын Құжаттар тізбесі (Тізбе) бекітілді.

Тізбе Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2018 жылғы 14 желтоқсандағы сырттай дауыс берудің № 111 (з) хаттамасы) Тіркеу және депозитарлық қызметтерді жүзеге асыру қағидасына сәйкес әзірленді.

Тізбе 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тізбе Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінде жарияланды.