03.01.19
10:27

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздарға халықаралық сәйкестендіру нөмірін беру туралы

Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" заңына сәйкес 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап бағалы қағаздар мен басқа қаржы құралдарын сәйкестендіргіш ISO 6166 "Securities and related financial instruments – International securities identification numbering system (ISIN) " халықаралық стандартына сәйкес "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) беретін халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN нөмірі) болады.

Орталық депозитарий ISIN код жоқ айналыстағы мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарға ISIN кодын берді. Берілген ISIN кодтар туралы ақпарат Орталық депозитарийдің интернет-сайтында (www.kacd.kz) "Статистика" бөлімінде орналастырылған.

2019 жылғы 1 қаңтардан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі берген бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлері пайдаланылмайды.

Осы хабарламаға байланысты барлық мәселелер бойынша +7 (727) 355–47–60 (ішкі нөмірі 480, 481) телефоны бойынша және . электронды мекенжайы бойынша хабарласуға болады.