03.01.19
16:40

Орталық депозитарий ықтимал техникалық жаңылулар туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) оған "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-ның (Бірыңғай тіркеуші) қосылуы түрінде Орталық депозитарийдің қайта ұйымдастырылуына байланысты 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде екі есептік жүйені біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде операцияларды тіркеу кезіндегі ықтимал техникалық жаңылулар үшін кешірім өтінеміз.

Толық ақпарат алу үшін +7 (727) 262 08 46 немесе 355 47 60 телефондары бойынша Орталық депозитарийдің Call-орталығына хабарласуға болады.