04.01.19
09:47

/ҚАЙТАЛАУ/ Орталық депозитарий электронды құжаттар алмасу үшін Doc.KACD жеке кабинетіне қосылу шарты туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) жаңа сервиске: Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz (бұдан әрі – Doc.KACD) порталындағы "Doc.KACD" жеке кабинетіне қосылу шарты туралы хабарлайды. Doc.KACD Орталық депозитариймен электронды құжаттар алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Doc.KACD-ға заңды тұлғаларды қосу үшін Орталық депозитарийдің сайтында орналастырылған "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ мен оның клиенттерінің арасында операциялық құжаттар алмасу үшін өтініш нысандары" құжатындағы (/ru/normative_base/2019y/) өтінішті толтыру қажет. Жоғарыда көзделген өтініш Орталық депозитарийге ұсынылған қолтаңбалар үлгілері мен мөр бар карточкада көзделген тұлға қол қойған және мөрмен бекітілген (қалауы бойынша) қағаз нұсқадағы түпнұсқа түрінде берілуі тиіс. Өтініш сондай-ақ Орталық депозитарийге DOC.KACD жүйесі арқылы (Орталық депозитарий клиентіне Doc.KACD-ға қосылу туралы хабарламаны беру үшін) электронды түрде (скан-көшірме) берілуі тиіс.

Егер заңды тұлға Орталық депозитарийдің немесе Бірыңғай тіркеушінің клиенті болған жағдайда, онда жоғарыда көзделген өтінішке қосымша құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Жеке тұлға Doc.KACD-ды қосымша тіркеусіз пайдалана алады, Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігінің көмегімен Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz порталының старт парағындағы сәйкестендіру процесінен ойдағыдай өтсе жеткілікті.

Doc.KACD арқылы Орталық депозитарий клиенттері кез келген құжаттарды, оның ішінде бұйрықтарды, өтініштерді, сұратулар мен басқа құжаттарды бере алады.

Doc.KACD арқылы қабылданған құжаттарды өңдеуді жеделдету үшін Орталық депозитарий жіберілген құжаттар файлдарына құжаттың мәніне сәйкес, мысалы, "бұйрық", "сұрату" және басқалар сияқты атау беруді сұрайды.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталық депозитарий https://doc24.kz/ (Documentolog) жүйесі арқылы элекрондық құжаттарды қабылдауды тоқтатады.