2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Бірыңғай тіркеуші) "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ға (Орталық депозитарий) қосылу жолымен қайта ұйымдастырылуына байланысты тіркеу қызметін жүзеге асыруды тоқтатады.
Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай тіркеушінің мүлігі, құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мұрагері болады.
Соған байланысты Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап операциялық құжаттарды және басқа корреспонденцияларды қабылдау мен берудің, клиенттерге қызмет көрсетудің келесідей тәртібінің белгіленгендігі туралы хабарлайды:
- депозитарлық қызмет бойынша операциялық құжаттарды қабылдау мен беру, клиенттерге қызмет көрсету 050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28 мекенжайы бойынша орналасқан Орталық депозитарийдің офисінде жүзеге асырылады;
- тіркеу қызметі бойынша операциялық құжаттарды қабылдау мен беру, клиенттерге қызмет көрсету төмендегідей мекенжай бойынша орналасқан Орталық депозитарийдің офистерінде жүзеге асырылады:
050040, Алматы қ., Сәтбаев к-сі, 30/8;
050004, Алматы қ., Нұрсұлтан Назарбаев д-лы, 65, 100-офия, Мақатаев к-нің қиыл.;
010000, Астана қ., Амангелді Иманов к-сі, 13, "Нұр-Сәулет 2" бизнес-орталығы, 101-офис;
– басқа почталық корреспонденцияларды қабылдау 050051, Алматы қ., "Самал-1" ы/а, 28 мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
"Қазпочта" АҚ трансфер-агенті қызметін пайдалану арқылы операциялық құжаттарды қабылдау мен беру тәртібі өзгеріссіз қалады.
Толық ақпарат алу үшін +7 (727) 272 47 60 телефоны бойынша Орталық депозитарийдің Call-орталығына хабарласуға болады.