04.01.19
10:43

/ҚАЙТАЛАУ/ Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген оның қағидалар жинағына кіретін құжаттарды орналастыру туралы хабарлайды

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) өзінің клиенттеріне оның қағидалар жинағына кіретін және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген төмендегідей құжаттарды Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөліміне орналастыру туралы хабарлайды:

1. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ қағидалар жинағына Кіріспе.

2. Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау мен тоқтату қағидасы.

3. Тіркеу және депозитарлық қызметтерді жүзеге асыру қағидасы (жалпы бөлім).

4. Депозитарлық қызметтерді жүзеге асыру қағидасы (тек 1-бап, 5 және 6-тарау ғана қолданылады).

5. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-ның "Тізілімдер жүйесін жүргізу қағидасы" ішкі құжаты (тек 1–1, 62–64 тармақтар, 5 және 9-тараулар, 10-тараудың 2-параграфы, 11-тарау ғана қолданылады (191, 194 және 199) тармақтарды қоспағанда).

6. Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеу қағидасы.

7. Депозитарлық және муниципалдық облигацияларға қатысты өзге қызметтерді жүзеге асыру қағидасы.

8. Мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін жүргізу қағидасы.

9. Жеке тұлғалар арасында орналастырылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу қағидасы.

10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасы.

11. Төлем агентінің функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету қағидасы.

12. Туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер тізілімдерінің жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру қағидасы.

13. Сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидасы.

14. Санақ комиссиясының функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету қағидасы.

15. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-ның "Санақ комиссиясының функцияларын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету қағидасы" ішкі құжаты (тек 1-бап пен 3-тарау ғана қолданылады).

16. Операциялық құжаттарды қабылдау мен беру қағидасы.

17. Операциялық регламент.

18. Тарифтер мен алымдар туралы ереже.

19. "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ-ның "Тарифтер мен алымдар туралы ереже" ішкі құжаты.