08.01.19
09:04

Орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарының нөмірлері туралы

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Бірыңғай тіркеуші) оның "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ға (Орталық депозитарий) қосылуы түрінде қайта ұйымдастырылуына байланысты өзінің қызметін тоқтатады.

Орталық депозитарий 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай тіркеушінің барлық құқықтары мен міндеттері бойынша оның құқықтық мұрагері болады.

Осыған байланысты Бірыңғай тіркеушіде ашылған бағалы қағаздарды ұсаушылар тізіліміндегі жеке шоттар нөмірлерінің өзгергенін назарларыңызға саламыз.

Жеке шоттардың жаңа нөмірлері туралы ақпаратты Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz порталындағы "Doc.KACD" жеке кабинеті (бұдан әрі – Doc.KACD) арқылы алуға болады.

Doc.KACD-қа кіру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін пайдалану қажет. Жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның атына берілген тіркеу куәлігі, заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның қызметкері ретінде жеке тұлғаның атына берілген тіркеу куәлігі.

Заңды тұлғаның атына ашылған жеке шоттар туралы ақпаратты Орталық депозитарийдің сайтында орналастырылған құжаттарды алмасу үшін Орталық депозитарийге өтініш ("Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ мен оның клиенттерінің арасында операциялық құжаттар алмасу үшін өтініштер нысандары") бермей-ақ Doc.KACD арқылы алу.

Сонымен қатар жеке шоттар туралы ақпаратты электронды почта арқылы алуға болады, бұл ретте Орталық депозитарий клиентінің электронды почтасының мекенжайы Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелуі тиіс.