31.01.19
17:50

Орталық депозитарий "Эмитент" жеке кабинетін 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап пайдалануға енгізу туралы ақпарат береді

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Орталық депозитарийдің https://portal.kacd.kz. порталында орналастырылған "Эмитент" жеке кабинетін (ЖК) 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап пайдалануға енгізу туралы ақпарат береді.

ЖК қызметтерін Орталық депозитарий тізілімдер жүйесін (қатысушылар тізілімін) жүргізу қызметін көрсететін бағалы қағаздардың эмитенттері, инвестициялық пай қорларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқарушы компаниялары пайдаланатын болады.

ЖК пайдаланушыларға сұрату бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімін немесе серіктестік қатысушылар тізімін, жалпы жиналысты өткізу үшін акционерлер тізімін, бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін ұстаушылар тізімін, бағалы қағаздарды өтеу кезінде төлемді жүзеге асыру үшін ұстаушылар тізімін, ірі акционерлер туралы анықтаманы, орналастырылған бағалы қағаздар жалпы санының _% және одан астамына ие бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы анықтаманы алуына болады.

Сондай-ақ Орталық депозитарий төлем агенті қызметін көрсететін клиенттер осы қызметті де ЖК арқылы алуына болады.

ЖК-да Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәліктерінің көмегімен жасалған электронды цифрлық қолтаңбаға қолдау көрсетіледі.

ЖК-ға қосылу үшін Орталық депозитарийдің клиенті ЖК-тәсілмен электронды құжаттарды айырбастау үшін өтініштер нысандарын толтыруы тиіс ("Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ мен оның клиенттері арасында операциялық құжаттарды айырбастау үшін Өтініштер нысандары (Өтініштер нысандары) құжатының 3-қосымшасы, /ru/normative_base/actual/policy/accept_issue/actuall/ мекенжай бойынша орналастырылған). Өтініштер нысандарында жазылған нұсқауларға сәйкес нысанды толтыру қажет (5-қосымша). Өтініштің толтырылған нысанын Орталық депозитарий офистерінің біріне қағаз тасымалдағышта түпнұсқа түрінде немесе "DOC.KACD" ЖК арқылы жөнелту қажет (егер клиент бұрын Орталық депозитарийге "DOC.KACD" ЖК-ға қосылуға өтініш берсе). Орталық депозитарий офистерінің мекенжайы Орталық депозитарийдің сайтында орналастырылған: /ru/contacts/.