08.02.19
10:10

2019 жылғы 8 қаңтарда өткізілген Орталық депозитарий Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 8 қаңтарда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды.

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелері) және Орталық депозитарийдің инвестицилық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздығын және 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелері) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздығын және 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды назарға алынсын.

"2018 жыл үшін 2015 жылғы Орталық депозитарий қызметін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Thomas Murray компаниясының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалғаны туралы есеп туралы" мәселе бойынша:

1. 2018 жыл үшін 2015 жылғы Орталық депозитарий қызметін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Thomas Murray компаниясының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалғаны туралы есеп назарға алынсын.

2. 2018 жыл үшін 2015 жылғы Орталық депозитарийдің қызметін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Thomas Murray компаниясының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 12-жолымен көзделген жұмысты орындау тоқтатыла тұрсын.

3. 2015 жылы Орталық депозитарийдің қызметін тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша Thomas Murray компаниясының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына бақылау тоқтатыла тұрсын.

"2018 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерін басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" мәселе бойынша:

2018 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерін басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат назарға қабылдансын.