14.02.19
14:53

2019 жылғы 14 ақпанда өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 14 ақпанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды.

"Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамы туралы" мәселе бойынша:

1. Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің шешімін (2016 жылғы 20 сәуірдегі отырыстың № 6 хаттамасы) өзгерту мақсатында Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитетінің сандық құрамы төрт адам санында анықталсын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап, Х. С. Байгубеновтің Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі ретінде өкілеттілігі тоқтатылсын.

3. Осы шешім қабылданған күннен бастап, Молдабаева Алима Габитовнаны Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің Стратегия, тәуекелдер, кадрлар, сыйақы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің және сарапшы ретінде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитетінің мүшесі болып (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі ретінде) сайлансын.