14.02.19
17:26

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын Операциялық құжаттардың нысандарына түзетулер бекітілді

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын Операциялық құжаттардың нысандарына түзетулер бекітілді

Отырысы 2019 жылғы 14 ақпанда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асырған кезде пайдаланатын Операциялық құжаттардың нысандарына (Нысандар) № 1 өзгерістер мен толықтыру (түзетулер) бекітілді.

Нысандарға түзетулер "Эмитент" жеке кабинетін пайдалануға енгізумен байланысты енгізілді.

Түзетулер 2019 жылғы 15 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған нысандар Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланады.