07.11.19
16:09

2019 жылғы 5 қарашада өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 5 қарашада Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижесі бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"Ішкі аудит қызметі ақпараттық технологиялар жөніндегі аудитордың лауазымдық нұсқаулығына өзгерістер енгізу туралы" мәселе бойынша:

Жаңа редакциядағы Ішкі аудит қызметі аудиторының лауазымдық нұсқаулығы бекітілсін.

"Жаңа редакциядағы 2019 жылғы Ішкі аудит қызметі тексерулерінің жылдық жоспары туралы" мәселе бойынша:

1. Жаңа редакциядағы 2019 жылғы Ішкі аудит қызметі тексерулерінің жылдық жоспары бекітілсін.

2. Жаңа редакциядағы аудит салаларының картасы бекітілсін.