11.11.19
16:56

2019 жылғы 7 қарашада өткізілген Орталық депозитарий акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 7 қарашада оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілгені туралы хабарлайды, онда мынадай шешімдер қабылданды:

"2019 жылдағы Орталық депозитарийдің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу мақсатында аудиторлық ұйымды анықтау туралы" жиналыстың күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша

2019 жылдағы Орталық депозитарийдің қаржылық есептілігіне аудит жүргізуді жүзеге асыратын аудиторлық компания "BDO Kazakhstan" ЖШС болып анықталсын.

"Директорлар кеңесі туралы Ережеге № 1 түзетулер енгізу туралы" жиналыстың күн тәртібінің 2-ші мәселесі бойынша

Шешім қабылдаған күннен бастап оларды қолданысқа енгізумен Директорлар кеңесі туралы Ережеге № 1 толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.

"Директорлар кеңесінің мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы және олардың шығындарын төлеу қағидасына № 2 түзетулер туралы" жиналыстың күн тәртібінің 3-ші мәселесі бойынша

1. "Директорлар кеңесінің мүшелеріне – тәуелсіз директорларға сыйақы және олардың шығындарын төлеу қағидасына № 2 түзетулер туралы" мәселені қарау Орталық депозитарий акционерлерінің келесі жалпы жиналыстарының біріне ауыстырылсын.

2. Аталған жиналысқа дайындалу мақсатында Директорлар кеңесіне акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу практикасы туралы ақпарат жинау және оны талдауды жүзеге асыру тапсырылсын.