12.11.19
16:44

2019 жылғы 29 қарашадан бастап Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер қолданысқа енгізіледі

Сырттай дауыс беруі 2019 жылғы 8 қарашада өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына (Қағида) № 26 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) қолданысқа енгізіледі.

Қағидаға түзетулер номиналдық ұстаушы мен ақша аударымын "KASE" бөліміне ауыстырған кезде ақша аударымының тәртібін нақтылау мақсатында енгізілді.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде орыс тілінде жарияланды.