25.11.19
09:01

Орталық депозитарий "Ұстаушы" Жеке кабинеті" жаңа сервисі туралы хабарлайды

2019 жылғы 11 қарашадан бастап "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) https://portal.kacd.kz порталында "Ұстаушы" Жеке кабинеті" жаңа сервисін (бұдан әрі — "Ұстаушы" ЖК) ұсынады.

Орталық депозитарий клиенттері "Ұстаушы" ЖК-дан:

1. Электронды құжат түрінде жеке шоттар бойынша төмендегідей бұйрықтарды бере алады:

1) құралдар аударымын тіркеуге арналған бұйрықты;

2) құралдарды сатып алуды тіркеуге арналған бұйрықты;

3) құралдарды сатуды тіркеуге арналған бұйрықты;

4) бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруды тіркеуге арналған бұйрықты;

5) біржолғы негізде есептік құжаттарды беруге арналған бұйрықты.

2. Электронды құжат түрінде төмендегідей есептік құжаттарды ала алады:

1) жеке шоттан үзінді-көшірмені;

2) жеке шот бойынша құралдармен тіркелген операциялар туралы есепті;

3) бұйрықтың орындалғаны/орындалмағаны туралы есепті.

"Ұстаушы" ЖК-да Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігінің көмегімен құрастырылған электронды цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдау іске асырылған. "Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес заңның талаптарына сәйкес келетін және электронды цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электронды құжаттың қағаз нұсқадағы қол қойылған құжатпен маңызы бірдей.

Жеке шоттар бойынша жоғарыда аталған бұйрықтарды электронды түрде тек "Ұстаушы" ЖК арқылы ғана беруге болатындығын назарларыңызға саламыз. Жоғарыда аталған операциялық құжаттарды электронды түрде қабылдаудың өзге әдістері, оның ішінде "DOC.KACD" арқылы қарастырылмаған.

Жеке тұлғалар – Орталық депозитарийдің клиенттері Орталық депозитарийге қандай-да бір қосымша құжаттарды тапсырусыз тек қолданыстағы ЭЦҚ болғанда ғана "Ұстаушы" ЖК сервисін пайдалана алады.

"Ұстаушы" ЖК-ға қосылу үшін Орталық депозитарий клиенті – заңды тұлға ЖК-әдісімен электронды құжаттар алмасу үшін өтініш нысанын толтыруы тиіс (/ru/normative_base/actual/policy/accept_issue/actuall/ адресі бойынша орналастырылған "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ мен оның клиенттерінің арасында операциялық құжаттарды алмасу үшін өтініштер нысандары" құжатының 3-қосымшасы). Нысанды Өтініштер нысандарында мазмұндалған нұсқауларға сәйкес толтыру қажет (5-қосымша).

Толтырылған нысанды қағаз нұсқада түпнұсқа түрінде Орталық депозитарий офистерінің біріне немесе "DOC.KACD" ЖК арқылы жіберу қажет (егер клиент бұрын Орталық депозитарийге "DOC.KACD" ЖК-ға қосылуға өтініш берсе).

Орталық депозитарий офистерінің мекенжайы Центрального депозитарийдің /ru/contacts/ сайтында орналастырылған.