"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2019 жылғы 19 қарашада Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруінің өткізілгені туралы хабарлайды, оның нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
"Депоненттердің жеке шоттарында ашылған, қосалқы шоттарда есептелетін құралдарды "негізгі" бөлімнен "KASE" бөліміне бір жолғы ауыстыру туралы" мәселе бойынша:
1. Орталық депозитарийдің Басқармасы белгілеген күні депоненттер аударымды тіркеуге берген өтініш (бұдан әрі – Өтініш) негізінде депоненттердің жеке шоттарында ашылған, қосалқы шоттарда есептелетін құралдарды "негізгі" бөлімнен "KASE" бөліміне бір жолғы ауыстыру жүзеге асырылсын.
2. Өтініштің төмендегідей болу тиістілігі белгіленсін:
1) XML форматында электронды құжат түрінде берілуі;
2) Орталық депозитарийге FASTI2.F05DEPO3 адресіне ФАСТИ "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" РМК ақпарат тасымалдау жүйесі арқылы берілуі;
3) Орталық депозитарийде Орталық депозитарийдің Басқармасы белгілеген күні Алматы уақытымен 15.00-ге дейін қабылдануы.
3. Орталық депозитарийдің Өтініштерді қабылдауды қамтамасыз етуі үшін депоненттер Орталық депозитарийге одан Өтініштер берілетін ФАСТИ адресінің деректемелерін алдын ала (Орталық депозитарийдің Басқармасы белгілеген күні Алматы уақытымен 18.00-ден кешіктірмей) тапсырулары тиіс.
"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздық тәуекелін және нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды туралы" мәселе бойынша:
Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырампаздық тәуекелін және нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды назарға алынсын.
"2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" мәселе бойынша:
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің мәндері назарға алынсын.
"2019 жылғы үшінші тоқсандағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат пен есептер туралы" мәселе бойынша:
2019 жылғы үшінші тоқсандағы тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпарат пен есептер назарға алынсын.