28.11.19
09:00

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызмет (медициналық сақтандыру)

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызмет (медициналық сақтандыру)

Сатып алуды ұйымдастырушы — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық және электронды мекенжайы: Самал-1 ы/а, 28, электрондық пошта: келесідей қызметті сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды: Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызмет (медициналық сақтандыру).

Тендер шарты:

1. Қызметті сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сомасы көрсетілген қызметтін көлемі бір жиынтыққа ҚҚС-ті есептемегенде, 27 200 000 (жиырма жеті мың екі жүз мың) теңге 00 тиынды құрайды, өлшем бірлігі-қызмет.

2. Әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшелігі және олардың мәнінің шамасы (болған кезде) (10 (он) бет, 5 (бес) парақ).

3. Маңызды шарттары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы (29 (жиырма тоғыз) бет, 15 (он бес) парақ) (Осы хабарландыруға № 2 қосымша).

4. Қызмет Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал -1 ы/а, 28 және Нұр-Султан қ. мекенжайы бойынша көрсетіледі, сатып алу көлемі – қызмет.

5. Қызмет көрсету талап етілетін мерзімі: Сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2020 жылғы 01 қаңтардан бері кіріседі, 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда дейін көрсетеді.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2019 жылғы 9 желтоқсан, тендерлік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Орталық депозитарийдің Вице-президентінің кабинетінде 2019 жылғы
9 желтоқсан 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде әлеуетті жеткізушілер 2019 жылғы
3 желтоқсан 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: Тел: 262–08–46 (ішкі 351), электрондық почта мекенжайы: , ; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2019 жылғы 5 желтоқсанда 11 сағат 00 минутта жеке бастама бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың 50[1] қарастырылған құжаттарды тапсырады.

http://www.kacd.kz.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15

Қосымша ақпаратты мынадай телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (вн. 351).

Тендерлік комиссия хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығының орынбасары Озбаканов Арнур Мамбетович, тел: 262–08–46 (ішкі нөмір 351).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша – техникалық ерекшелік 10 (он) бет, 5 (бес) парақ;

2) № 2 қосымша – сатып алу туралы шарттың жобасы 29 (жиырма тоғыз) бет, 15 (он бес) парақ.


[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.


27.11.201917:44

Тендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыруТендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыру (2.3 MB)