18.03.20
17:03

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына түзетулер бекітілді

Сырттай дауыс беруі 2020 жылғы 13 наурызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидасына № 27 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.

Қағидаға түзетулер ұйымдастырылған нарықта құралдармен жасалатын мәмілелерді (операцияларды) тіркеу тәртібін өзгертуді, "сауда-саттыққа қатысушының қосалқы шоты" белгісі бар "негізгі" қосалқы шот бөлімінде есептелетін құралдар туралы ақпаратты KASE-ге беру қажеттігі туралы норманы алып тастауды қарастырады, сондай-ақ редакциялық және нақтылаушы түзетулерден тұрады.

Аталған түзетулерді қолданысқа енгізу күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Түзетулерге сәйкес жаңартылған Қағида мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінде жарияланды.