18.03.20
17:54

Клиенттерге қызмет көрсету режимі өзгертілді

Құрметті клиенттер,

Орталық депозитарий офистерде коронавирус инфекциясына профилактикалық шаралардың күшейтілгені туралы хабарлайды.

Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДҰ) нұсқауына және әлемде қалыптасқан пандемиялық жағдайға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Республикаға төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығын басшылыққа ала отырып, 2020 жылғы 18 наурыздан бастап Орталық депозитарий офистері клиенттерге DOC.KACD порталы және Жеке кабинет арқылы қызмет көрсетудің қашықтықтан (дистанциялық) режиміне ауыстырылды.

Қосымша курьерлік почтамен түсетін почталық корреспонденцияларды қабылдау мен өңдеу, сондай-ақ Орталық депозитарийдің офистерінде орнатылған почталық жәшіктерді пайдалану арқылы қағаз нұсқадағы құжаттарды "контактісіз" қабылдау жүргізілетін болады.

Кейінге қалдыруды күтпейтін және көзбе-көз қызмет көрсетуді талап ететін жағдайда, клиенттер мүддесіне Орталық депозитарийдің офистерінде қызметкерлердің шектелген саны жұмыс істейтін болады, олармен call-орталықтың +7 (727) 312 33 04, +7 (777) 150 94 22 (тек WhatsApp) нөмірі және 8 800 080 86 68 шұғыл желі телефоны бойынша, сондай-ақ Орталық депозитарийдің фронт-офисіне +7 (727) 262 08 46 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы алдын ала хабарласуға болады.

Жұмыс режимінің өзгеруін ескере отырып, Орталық депозитарий қызметі үшін төлемді қолма қол ақша түрінде қабылдаудың тоқтатылатынын қосымша хабарлаймыз.

Орталық депозитарий қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды өтінеді.