27.03.20
14:04

Орталық депозитарий COVID-19 төтенше жағдайына байланысты қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді

COVID-19 төтенше жағдайына байланысты, сондай-ақ қызметтің үзіліссіздігінің бұзылу тәуекелдерін азайту мақсатында "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Бірінші кезектегі іс-әрекет жоспарын әзірлеп, бекітті және келесідей шараларды қабылдады:

- коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ұсынымдар қатаң сақталады;

- ауыспалы және қашықтықтан жұмыс істеу режимі енгізілді;

- клиенттерге қызмет көрсетуге және мәмілелер мен операцияларды тіркеуге тікелей тартылған бөлімшелер қызметкерлері Орталық депозитарийдің екі офисі – Алматы қ. және резервтік техникалық орталық арасында бөлінді;

- қосымша бөлімшелердің жекелеген қызметкерлері өтініштерінің негізінде еңбек демалыстарына жіберілді;

- Орталық депозитарийдің клиенттеріне қашықтықтан қызмет көрсету жүзеге асырылуда, клиенттерге келу тәртібімен қызмет көрсету тек айрықша жағдайда ғана жүргізіледі;

- қағаз нұсқадағы хат-хабарды қабылдау Орталық депозитарийдің офистерінде орналастырылған арнайы жәшіктер арқылы жүзеге асырылады;

- қызметкерлерді іссапарға жіберудің, оқытудың (курстар, семинарлар, тренингтер) барлық түрі тоқтатылды;

- отырыстар мен келіссөздер телефон және бейне-конференция байланысы арқылы жүргізіледі.