11.04.22
14:22

Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің 2022 жылғы 30 наурызда өткен сырттай дауыс беру нәтижелері

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2022 жылғы 30 наурызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін хабарлайды, олардың нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды.

"2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылығы коэффициенттерінің мәндерін есептеу туралы" мәселе бойынша:

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің қаржылық орнықтылығы коэффициенттерінің мәндері назарға алынсын.

"Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырағыштығын және 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды туралы" мәселе бойынша:

Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің жай-күйін (Орталық депозитарийдің меншікті активтерін инвестициялау нәтижелерін) және Орталық депозитарийдің инвестициялық портфелінің тәуекелдерге ұшырағыштығын және 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нарықтық тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша ақпаратты талдау нәтижелері бойынша қорытынды назарға алынсын.

"2021 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат туралы" мәселе бойынша:

2021 жылғы төртінші тоқсандағы Орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есептер мен ақпарат назарға алынсын.

"Ұстаушы", "Эмитент" және "Номиналды ұстаушы" жеке кабинеттерінің жаңа модульдерін енгізу процесін іске қосу туралы" мәселе бойынша:

"Ұстаушы", "Эмитент" және "Номиналды ұстаушы" жеке кабинеттерінің жаңа модульдерін енгізу процесін іске қосу туралы" баяндама назарға алынсын.

"Трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде "Қазпочта" АҚ ақпараттық жүйелерімен интеграцияны кеңейту нәтижелері туралы" мәселе бойынша:

Трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде "Қазпочта" АҚ ақпараттық жүйелерімен интеграцияны кеңейту нәтижелері туралы аралық баяндама назарға алынсын.