27.04.22
15:29

Орталық депозитарийдің Қағидалар жинағының Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидасына түзету бекітілді

Отырысы 2022 жылғы 26 сәуірде өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидасына № 3 өзгеріс бекітілді.

Түзету Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген қаржы ұйымдарына және AIFC-тің қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген ұйымдарға стандартты сипаттағы шарттар жасау мүмкіндігін беру мақсатында әзірленді.

Түзету 2022 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Түзетуге сәйкес жаңартылған Қағиданың мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-сайтының [Нормативтік база] бөлімінің [Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау мен тоқтату] шағын бөлімінде жарияланды.