Сатып алу туралы хабарландыру
Тапсырыс беруші: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй.
Сатып алуды ұйымдастырушы: Орталық депозитарий, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, 050051, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй, тел: 262–04–08, ішкі 135/130, электрондық мекенжайы – , .
конкурс тәсілімен желіаралық экрандарды сатып алуды өткізу туралы хабарлайды:
Тауардың атауы және қысқаша сипаттамасы:
Лот № | Қызметтің атауы | Қызметтің сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Саны | ҚҚС есептеусіз сатып алуға бекітілген жалпы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Желіаралық экран | Желіаралық экран, сыртқы күштің кіруінен қорғау технологиясы бар аппараттық-бағдарламалық кешен | Дана | 4 | 12 150 000,00 |
Конкурстық комиссия хатшысы — Әкімшілік-шаруашылық бөлімнің сатып алуларды ұйымдастыру жөніндегі маман Озбаканов Арнур, тел.: 262–04–08, ішкі 135/130.
Тауарды жеткізу орны — Орталық депозитарий, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй.
Тауар жеткізудін мерзімдері және ақы төлеу талаптары Шарттың талаптарына сәйкес.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесін алу орны мен тәсілдері: сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға бекітілген конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында — www.kacd.kz жариялау арқылы ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсыну орны мен соңғы мерзімі: 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а., 28-үй, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, Озбаканов Арнур, 2017 жылғы "17" шілде 10 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімде.
Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күні және орны: конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2017 жылғы "17" шілде 12 сағат 00 минутта Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй мекенжайы бойынша орналасқан Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бөлмесінде жүргізеді.
Бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес конкурстық құжаттаманың көшірмесі тегін беріледі.
29.06.201716:53