Қазақша
Сейсенбі, 9 Тамыз 2022 ж. 11:1533
 
Вернуться с закупкам
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2018-10-25 09:00:00

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызметті (медициналық сақтандыру) сатып алу

Тендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыру

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызметтер (медициналық сақтандыру)

Сатып алуды ұйымдастырушы почталық және электронды мекенжайы: Самал-1 ы/а, 28, "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) келесідей қызметті сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды: Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызметтер (медициналық сақтандыру).

Тендер шарты:

1. Қызметті сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сомасы көрсетілген көрсетілген қызмет мөлшері ҚҚС-ті есептемегенде, 19 496 003 (он тоғыз миллион төрт жүз тоқсан алты мың үш) теңге 00 тиынды құрайды.

2. Сатып алынатын қызметтің техникалық еркшелігі мен әлеуетті жеткізушінің өтінімдерін бағалау өлшемі мен олардың мәнінің шамасы (болған кезде) (12 (он екі) бет)

3. Маңызды шарттар көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы (20 (жиырма) бет) (осы хабарландыруға № 2 қосымша).

4. Қызмет Қазақстан Республикасы, Алматы қ., мекенжайы бойынша көрсетіледі, сатып алу көлемі – бір қызмет.

5. Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімі: Сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап, бірақ 2019 жылғы 01 қаңтардан ерте емес, 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 Әкімшілік-шаруашылық кабинеті мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2018 жылғы 5 қараша, тендердік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Вице-президент кабинетінде 2018 жылғы 5 қарашада 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде әлеуетті жеткізушілер 2018 жылғы "31" қазан 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: Тел: 262–08–46 (ішкі 351), Электрондық почта мекенжайы: ; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін тендер әдісімен Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетусіз тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2018 жылғы 2 қарашада 11 сағат 00 минутта жеке бастама бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына немесе электрондық сатып алуды өткізген кезде тендер әдісімен сатып алу порталына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың 50-тармағында қарастырылған құжаттарды тапсырады.

.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15.

Қосымша ақпаратты мынадай телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (ішкі 351).

Тендерлік комиссияның хатшысы

Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің сатып алуларды ұйымдастыру жөніндегі бас маманы А. М. Озбаканов, тел: 262–08–46 (ішкі 351).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша – 12 (он екі) беттегі техникалық ерекшелік;

2) № 2 қосымша – 20 (жиырма) беттегі сатып алу туралы шарттың жобасы.

[1] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

25.10.201809:00

Ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызметті (медициналық сақтандыру) сатып алу туралы хабарландыруАуырған жағдайда ерікті сақтандыру бойынша қызметті (медициналық сақтандыру) сатып алу туралы хабарландыру (47 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу