Қазақша
Сейсенбі, 9 Тамыз 2022 ж. 10:2010
 
Вернуться с закупкам
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2018-11-01 09:00:00

Интернет-сайтты әзірлеу бойынша қызметті сатып алу

Тендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыру

Интернет-сайтты әзірлеу бойынша қызмет

Сатып алуды ұйымдастырушы — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық және электронды мекенжайы: Самал-1 ы/а, 28, келесідей қызметті сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды: Интернет-сайтты әзірлеу бойынша қызмет.

Тендер шарты:

1. Қызметті сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сомасы көрсетілген қызмет саны бір қызметке ҚҚС-ті есептемегенде, 6 607 142 (алты миллион алты жүз жеті мың жүз қырық екі) теңге 85 тиынды құрайды.

2. Әлеуетті жеткізушінің сатып алынатын қызметке техникалық ерекшелігі және олардың мәнінің шамасы (болған кезде) (17 (он жеті) бет).

3. Маңызды шарттары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы (7 (жеті) бет) (Осы хабарландыруға № 2 қосымша).

4. Қызмет Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал -1 ы/а, 28 мекенжайы бойынша көрсетіледі, сатып алу көлемі – бір қызмет.

5. Қызметті көрсетудің талап етілетін мерзімі: 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 маусымды қоса алғанда.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті мекенжайы бойынша тапсырысты почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2018 жылғы 12 қараша, тендерлік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Орталық депозитарийдің Вице-президентінің кабинетінде 2018 жылғы 12 қарашада 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде әлеуетті жеткізушілер 2018 жылғы 7 қараша 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: Тел: 262–08–46 (ішкі 351), электрондық почта мекенжайы: ; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетпестен тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2018 жылғы 9 қарашада 11 сағат 00 минутта жеке бастама бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға тілек білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың 50 және/немесе 53-тармағында[1] қарастырылған құжаттарды тапсырады.

.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15

Қосымша ақпаратты мынадай телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (вн. 351).

Тендерлік комиссия хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің Сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі бас маманы Озбаканов Арнур Мамбетович, тел: 262–08–46 (ішкі нөмір 351).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша – техникалық ерекшелік 17 (он жеті) парақ;

2) № 2 қосымша – сатып алу туралы шарттың жобасы 7 (жеті) парақ.


[1] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

31.10.201815:54

Интернет-сайтты әзірлеу бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыруИнтернет-сайтты әзірлеу бойынша қызметті сатып алу туралы хабарландыру (43 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу