Қазақша
Сейсенбі, 9 Тамыз 2022 ж. 10:5140
 
Вернуться с закупкам
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2020-11-17 09:00:00

Телекоммуникациялық қызметтерді тендер шартымен сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру

Телекоммуникациялық қызметтерді тендер шартымен сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы — "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық және электронды мекенжайы: Самал-1 ы/а, 28, электрондық почта: , келесідей қызметтерді сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды:

№1 лот. Негізгі байланыс каналын қорғалған қаржы-тасымалдау және төлем жүйелерінің провайдеріне дейін ұйымдастыру үшін деректерді телекоммуникациялық, сымды желілермен беру қызметі;

№2 лот. Жерүсті IP VPN байланыс каналын жалға алуды қоса алғанда, деректерді беру жөніндегі қызмет;

№3 лот. Алматы қ. Медеу ауданында орналасқан ОД офисі үшін Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну қызметі;

№4 лот. Нұр-Сұлтан қ. орналасқан ОД офисі үшін Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну қызметі;

№5 лот. Алматы қ. Алмалы ауданында орналасқан ОД офисі үшін Интернет желісіне қолжетімділікті ұсыну қызметі;

Тендер шарты:

1. Қызметті сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сомасы көрсетілген қызмет саны ҚҚС-ті есептемегенде, төмендегілерді құрайды:

№1 лот. 878 350 (сегіз жүз жетпіс сегіз мың үш жүз елу) теңге 00 тиын.

Өлшем бірлігі – қызмет.

Сатып алу саны (көлемі) – бір қызмет.

№2 лот. 1 859 000 (бір миллион сегіз жүз елу тоғыз мың) теңге 00 тиын.

Өлшем бірлігі – қызмет.

Сатып алу саны (көлемі) – бір қызмет.

№3 лот. 1 089 000 (бір миллион сексен тоғыз мың) теңге 00 тиын.

Өлшем бірлігі – қызмет.

Сатып алу саны (көлемі) – бір қызмет.

№4 лот. 396 000 (үш жүз тоқсан алты мың) теңге 00 тиын.

Өлшем бірлігі – қызмет.

Сатып алу саны (көлемі) – бір қызмет.

№5 лот. 759 000 (жеті жүз елу тоғыз мың) теңге 00 тиын.

Өлшем бірлігі – қызмет.

Сатып алу саны (көлемі) – бір қызмет.

2. Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі және олардың мәнінің шамасы (болған кезде):

№№ 1, 2, 3, 4, 5 лоттар. Осы хабарландыруға № 1 қосымша (15 (он бес) бетте, 15 (он бес) парақта).

3. Маңызды шарттары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы:

№№ 1, 2, 3, 4, 5 лоттар. Осы хабарландыруға № 2 қосымша (15 (он бес) бетте, 15 (он бес) парақта).

4. Қызмет келесідей мекенжайларда көрсетіледі:

№1 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28;

№2 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Сәтбаев к-сі, 30/8 үй, "Тенгиз Тауэрс" ТК аумағында;

№3 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Медеу ауданы, Самал-1 ы/а, 28;

№4 лот. Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., "Алматы" ауданы, Амангелді Иманов к-сі, 13, "Нұр-Сәулет 2" БО, №101 офис;

№5 лот. Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 65-үй, №100 офис.

5. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі:

№№ 1, 2, 3, 4, 5 лоттар. Шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2021 жылғы 1 қаңтардан бері 2021 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайына Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинетіне тапсырысты почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2020 жылғы "27" қараша, тендерлік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Орталық депозитарийде 2020 жылғы "27" қараша 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде әлеуетті жеткізушілер 2020 жылғы "23" қараша 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: Тел: 262–08–46 (ішкі 350), электрондық почтаның адресі: ; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетусіз тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2020 жылғы "24" қараша 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың 50 және/немесе 53-тармағында[1] қарастырылған құжаттарды тапсырады.

.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15

Қосымша ақпаратты төмендегі телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (вн. 350).

Тендерлік комиссияның хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Ш. А. Еменов, тел: 262–08–46 (ішкі нөмір 350).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша – техникалық ерекшелік (15 (он бес) бетте, 15 (он бес) парақта).

2) № 2 қосымша – сатып алу туралы шарттың жобасы (15 (он бес) бетте, 15 (он бес) парақта).


[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

16.11.202015:45

Телекоммуникациялық қызметтерді тендер шартымен сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыруТелекоммуникациялық қызметтерді тендер шартымен сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру (49 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу