Қазақша
Сейсенбі, 9 Тамыз 2022 ж. 11:4738
 
Вернуться с закупкам
Чтобы увидеть условия закупок необходимо зарегистрироваться либо пройти авторизацию

2021-01-07 09:00:00

Жеңіл автомобильді жүргізушімен бірге жалдау қызметін сатып алу

Жеңіл автомобильді жүргізушімен бірге жалдау қызметін сатып алу бойынша тендер шартымен тендер өткізу туралы хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы - "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий), почталық және электронды мекенжайы: Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28, электронды почтаның адресі: , жеңіл автомобильді жүргізушімен бірге жалдау қызметін сатып алу бойынша тендер өткізетіні туралы хабарлайды.

Тендер шарты:

Қызметті сатып алу бойынша аталған тендер (лот) үшін бөлінген сома көрсетілген көрсетілген қызмет саны ҚҚС-ті есептемегенде,

3 214 285 (үш миллион екі жүз он төрт мың екі жүз сексен бес) теңге 71 тиынды құрайды.

Өлшем бірлігі – қызмет.

Сатып алу саны (көлемі) – бір қызмет.

2. Сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігі және олардың мәнінің шамасы (болған кезде): осы хабарландыруға № 1 қосымша.

3. Маңызды шарттары көрсетілген сатып алу туралы шарттың жобасы: осы хабарландыруға № 2 қосымша (9 (тоғыз) бетте, 9 (тоғыз) парақта).

4. Қызмет келесідей мекенжайларда көрсетіледі: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. және Алматы облысы.

5. Қызмет көрсетудің талап етілетін мерзімі: Шарт күшіне енген күннен бастап, алайда 2021 жылғы 1 қаңтардан бері 2021 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанға дейін.

Тендерлік өтінімдерді сатып алуды ұйымдастырушыға әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері әдейілеп немесе Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайына Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинетіне тапсырыстық почталық байланысты пайдалану арқылы береді (жібереді).

6. Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі 11 сағат 00 минутқа дейін, күні 2021 жылғы "18" қаңтар, тендерлік өтінімдерді тапсыру орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28, Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің кабинеті.

7. Тендерлік өтінімдер Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28 мекенжайында Орталық депозитарийде 2021 жылғы "18" қаңтар 12 сағат 00 минутта ашылады.

8. Тендер шартын түсіндіру қажеттігі кезінде, алайда әлеуетті жеткізушілер 2021 жылғы "13" қаңтар 11 сағат 00 минуттан кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша сұратумен өтініш жасайды.

Әлеуетті жеткізушілер сұратуды сатып алуды ұйымдастырушының келесідей деректемесіне жіберулері қажет: Тел: 262–08–46 (ішкі 352), электрондық почтаның адресі: ; почталық (заңды) мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28.

9. Орталық депозитарий сұратуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

1) тендер шартының түсіндірме мәтінін Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына жариялайды;

2) тендер шартының түсіндірме мәтінін электрондық почта бойынша сұратудың кімнен түскенін көрсетусіз тендер шартына рұқсат алған әлеуетті жеткізушілерге жібереді.

10. Орталық депозитарий 2021 жылғы "13" қаңтар 18 сағат 00 минуттан кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе әлеуетті жеткізушінің сұратуына жауап ретінде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.

Тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тендер шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәтінді Орталық депозитарийдің интернет-ресурсына орналастырады.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі кемінде 5 (бес) күнтізбелік күнге ұзартылады.

11. Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші хабарламада белгіленген мерзімде Қағиданың 50 және/немесе 53-тармағында[1] қарастырылған құжаттарды тапсырады.

.

Тендерлік өтінімді Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде тендерге бөлінген сомадан 1% (бір процент) мөлшерінде немесе Орталық депозитарийдің банктік шотына төмендегідей деректемелер бойынша енгізілетін кепілдік ақша жарнасы жолымен қамтамасыз ету:

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

БСН 970740000154

050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28

ЖСК: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ банкісінде KZ706010131000043597

БСК HSBKKZKX

КБе 15

Қосымша ақпаратты төмендегі телефоннан алуға болады:

8 (727) 262–08–46 (вн. 352).

Тендерлік комиссияның хатшысы: Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бас маманы Ш. А. Еменов, тел: 262–08–46 (ішкі нөмір 352).

Қосымшалар:

1) № 1 қосымша – техникалық ерекшелік;

2) № 2 қосымша – сатып алу туралы шарттың жобасы (9 (тоғыз) бетте, 9 (тоғыз) парақта).


[1]Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидалары.

06.01.202112:03

Жеңіл автомобильді жүргізушімен бірге жалдау қызметін сатып алу туралы хабарландыруЖеңіл автомобильді жүргізушімен бірге жалдау қызметін сатып алу туралы хабарландыру (64 KB)

Сайт бойынша іздеу

Жаңалықтарға жазылу